Салалық жұмыс тобына арналған жұмыстық тапсырма

1.   Жалпы ережелер

Осы ереже қол жетімді мақсаттарымен және уақыт шеңбері бар жаңа бастамаларды дамыту мен деректер алмасу мәселесінде операторлардың, инвесторлар мен агенттіктердің жергілікті қамтуды және шоғырландыруды дамыту бағдарламаларын біріктіру тетігін анықтайды.

2.   Кіріспе

2.1 Жұмыс тобы мол ақпарат алмасуға, сол сияқты ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында, жеткізімнің отандық тізбегін жасау жолында күшті үйлестіруге, сондай-ақ ұзақ мерзімді және орнықты еңбекпен қамтуға үлес қосуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде Қазақстан үшін және мұнай өнімдерінің ауқымды айналымы үшін үлес қосу болып табылады, ал жеке шоғырлану мен жергілікті қамту бағдарламасы болса, операторлар мен инвесторлардың жеке стратегиялар мен бағдарламаларын дамыту құқығын толық мойндай тұра үдей түседі.

3.   Жұмыс тобының мақсаты

3.1 Деректер және тәжірибе алмасу үшін және орнықты шоғырлану мен жергілікті қамту процесін үдететін бастамалар үшін стратегия жасау үшін операторларды, инвесторларды, үкімет пен индустрияның мүдделі тараптарын біріктіру Жұмыс тобының негізгі міндеті болып табылады.

3.2 Сондай-ақ Жұмыс тобы кедергілерді жалпы түсінуге және Қазақстанның болашақ күшті әрі жарқын мұнай-газ секторын қолдауға сүйене отыра, жергілікті қамту мен шоғырландыру бағдарламасын үйлестіруді жақсартуға бағытталған.

4.   Функциясы  

4.1 Жұмыс тобы мынадай негізгі екі функцияны тиімді қамтамасыз етуге көңіл аударған: 1) Жергілікті қамтуды шоғырландыру және дамыту туралы ашық әрі құпия емес ақпарат алмасу. 2) Қазақстандағы жергілікті қамтуды шоғырландырудағы және дамытудағы алға ілгерілеушілікке бағытталған жаңа бастамалар үшін стратегияларды шолу, жергілікті қамтуды шоғырландыру мен дамыту бойынша операторлардың, инвесторлардың, агенттіктер мен индустрияның дербес күшін қолдау және үлес қосу.

5.   Жұмыс тобының құрамы және мүдделі тараптармен өзара байланыс

5.1 Шоғырландыру мен жергілікті қамту стратегиясының күрделі табиғатын тану индустрияның барлық қатысушыларының – операторлардың, инвесторлардың, қауымдастықтардың және жеткізушілердің, сол сияқты ҚР Үкіметінің бөлімшелерінің ұжымдық жұмысын қажет етеді. Жұмыс тобы инвестор компаниялармен бірге Біріккен іс-қимылдар туралы Ақтау декларациясына қол қойған операторлардың мүшелерін қамтитын болады.

5.2 Операторлардың Жұмыс тобына мыналар енеді:

  • «Қарашығанақ Петролеум Оперэйтинг БВ» (“ҚПО”)
  • «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК АҚ
  • «Норт Каспиан Оперэйтинг Компани» (“НКОК”)
  • «Теңізшевройл» (“ТШО”)

Инвесторлардың жұмыс тобына мыналар енеді:

  • Шелл Қазақстан  БВ
  • Би Джи Қазақстан

Шоғырландыру мен жергілікті қамтуды дамытуға үлес қосатын орган ретінде Жұмыс тобының тұрақтылығы үшін оның құрамына қолданыстағы Жұмыс тобымен келіскеннен кейін мемлекеттік органдардың, операторлардың және инвестор компаниялардың қосымша өкілдері енуі мүмкін.

5.3 Жұмыс тобы министрліктермен, реттеуші органдармен және жергілікті қамтуды шоғырландыру мен дамытуға байланысты органдармен одан әрі ынтымақтастықты және стратегияны келіседі.

5.4 Жұмыс тобы ұлттық сауда өкілдіктеріне қосымша мердігерлер мен жабдықтарды өндірушілердің ағымдағы қызметін және стратегияны, қамтуды қарастырады, сондай-ақ ұжымдық тәсілге ықпал етеді.

6.   Жұмыс тобын ұйымдастыру және бақылау

6.1 Жұмыс тобының құрамы жұмысты тиімді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жұмыс тобы қабылданған шешімдерді орындау үшін белгілі бір мүшелермен басшылықта кіші топтарды сайлай алады. Бұндай кіші топтарда барлық мүдделі тараптардың өзара қимылын ынталандыру мақсатында Жұмыс тобының қосымша мүшелері болуы мүмкін.

6.2 Жұмыс тобының мүшелері коммуникация ауқымын кеңейту және мүдделі тараптардың қолдауын күшейту үшін білім, тәжірибе және сараптама көздерінің жұмысының бағытына да жауап береді.

6.3 Жұмыс тобы мүшелерінің Қазақстанда жергілікті қамтуды шоғырландыру мен дамыту саласында білімі мен тәжірибесі болуға тиіс, сондай-ақ жоғары компаниялардан жоба бойынша ұсыныстар мен сұраныстардың құпия емес деректерін алуға қолжетімділігі болуға және әрекет етуге тиіс.

6.4 Жұмыс тобы ерікті жұмыс қағидаттарына негізделеді. Жұмыс тобының әр мүшесі өзінің басшы компаниясының ресурстарымен жарақталады. Жұмыс тобының мүшелерінің өздері және оның басшы компаниялары жобаларды орындауға бағытталған ресурстардың бірінші кезектегі көзі болып табылады.

6.5 Жұмыстың спецификалық көлемін орындау қажет болған жағдайда Жұмыс тобы мердігер ретінде әрекет ететін қолайлы заңды тұлғаны құру не тарту мүмкіндігін бағалайды. Қосымша қаржыландыру қажеттілігі жекелеген жағдайлармен және Жұмыс тобы мүшелері компаниясының қаржыландыруымен (ӨБК белгіленген шеңберді ескеріп), сондай-ақ, егер мүмкін болса, бөгде ұйымдардың қаржыландыруымен толықтырылады. Бұл қаражат кеңес берушілер қызметін төлеу кезінде, ұсыныстар мен сұранысты «Gap» талдауды орындау кезінде, сол сияқты «өнеркәсіп деректері базасын» енгізу үшін жеткізулер тізбегі компаниясын одан әрі зерттеуді жүргізу және жергілікті компанияларды дамытуда қолдауды ұйымдастыру кезінде тартылуы мүмкін.

6.6 Жұмыс тобы мүшелерін мыналарды: бөгде ұйымдарды таңдау процесі, шығынды бөлу, бюджетті, кестені және нәтижелер сапасын бақылауды қоса алғанда, белгілі бір міндеттерді орындауға басқарушы тағайындауы мүмкін. Деректер мен бастамалар нәтижесін алмасуды қоса алғанда, белгілі бір міндеттер мақсаты мен көрсеткіштері оларды қадағалай алатындай белгіленеді.

6.7 Барлық жаңа стратегиялар мен бастамалар бойынша Жұмыс тобының қызметінен алынған нәтижелер барлық мүше басшы компанияларға жөнелтіледі әрі қолжетімді болады, сондай-ақ Жұмыс тобы мақұлдаған жағдайда қосымша мүдделі тараптарға жіберіледі.

6.8 Жұмыс тобын топты басқаратын төраға айқындайды және Жұмыс тобының отырыстарына қатысады.

6.9 Жұмыс тобы ресми түрде жылына  4 рет кездеседі. Ол Жұмыс тобының отырыстарында қадағаланатын қызмет нәтижесі мен деректерді алмасуды қоса алғанда. белгілі бір тапсырмалар үшін айқын көрсеткіштер мен мақсаттарды белгілейді.

6.10 Үйлестіру хатшылығы Жұмыс тобының нәтижесі жұмысын қолдау үшін жауапты болады. Одан көлемдірек жұмыстар Жұмыс тобының мүше компанияларына табысталады не болмаса Жұмыс тобы мүшелерінің ортақ шешімімен тиісті дағдысы бар бөгде ұйымдарға беріледі. Жұмыс тобының қызметіне жұмылдырылғандардың бәрі осы ережені басшылыққа алуға тиіс.

Хатшылықтың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Жұмыс тобына жалпы қолдау көрсету
  • Қазақстандық қамтуды дамытудың тұжырымдамалық жобасын іске асыру үшін үйлестіру органы ретінде шығу
  • Жұмыс тобын барынша анық, дер кезінде және пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету
  • Жұмыс тобының жұмысын нәтижелі қолдау үшін алдын ала іс-қимылдар қабылдау
  • Жұмыс тобымен келісуде күн тәртібі мен жиналыс хаттамасын дайындау
  • байланысты ұстап тұру және Жұмыс тобы мүшелері арасында ішкі хат-хабарды жүргізу үшін жауапты болу
  • Жұмыс тобының кездесулері мен келіссөздерді ұйымдастыру

6.11 Жұмыс тобы мен оның мүшелері мүшелердің бәсекелес болуын ескере отыра, Жұмыс тобына қатысқан кезде барлық тиісті (халықаралық) монополияға қарсы және конкурстық заңнаманы және қолданылатын барлық заңдар мен нормативтік актілерді (оның ішінде ӨБК қойылатын барлық талаптарды) мойындайды және сақтайды. Жұмыс тобының мүшелері конкурсқа қатысты құпия сұрақтарды, атап айтқанда, бағаны, өндірісті, қойма шығындарын, болашақ бизнес жоспарларды және жекелеген клиенттермен, өндірушілермен және жеткізушілермен байланысты сұрақтарды сырттай талқыламайды.

6.12 Жұмыс тобы мынадай принциптерді қамтитын ішкі және сыртқы хат-хабарды жүргізу үшін Өзара әрекет ету хаттамасын бекітеді:

  • Жұмыс тобы мүшелері арасындағы барлық ішкі хат-хабар Жұмыс тобының жекелеген мүшелерінің ақыл-кеңестері, пікірлері мен деректерді орынды жариялау аясында жүргізіледі.
  • Жұмыс тобына кірмейтін жеке тұлғадан немесе кез келген ұйымнан келген мейлі ол ауызша мейлі жазбаша болса да барлық сыртқы хат-хабарға Жұмыс тобы мүшелерінің алдын ала келісімінсіз рұқсат етілмейді.

6.13 Жұмыс тобын кезеңмен шолу жүзеге асырылады, сондай-ақ ерікті негізде әрекет ететін ұйымдар ретінде үйлестіру ролі мен мәртебесін қоса алғанда, жүргізілген жұмыстың тиістілігі мен өнімділігін арттыру үшін ұсынылатын түзетулер енгізіледі.

7.0       Қазақстандық қамтуды дамыту тақырыптары және жұмыс жоспары

7.1       Келесі тақырыптар Қазақстандық қамтуды дамытудың тұжырымдамалық жобасына сүйеніп Жұмыс тобымен келісіледі (Жұмыс тобының консультациялық құжаты)

7.2       Жұмыс тобы мына тақырыптардың әрбірімен танысады және дамыту үшін идеялар мен стратегияларды қарастырады және нақты нәтижелер мен уақытша шеңберлері бар іс-қимыл жоспарын құрады:

  • Қызмет көрсету секторын дамыту: Жұмыс тобы сектордағы жергілікті үлкен әлеуетті дамыту стратегиясының бір бөлігі ретінде қазақстандық сервис индустриясын дамыту үшін алдағы мүмкіндіктер мен қазіргі қиындықты назарға алады; бұл қызмет мұнай мен газ саласындағы әлемдік жеткізушілер ішінен компанияларға технологияларды беріп ынтымақтастық туралы келісімдерді тартуды қамтиды.
  • Өндіріс секторын дамыту: Жұмыс тобы сектордағы жергілікті үлкен әлеуетті дамыту стратегиясының бір бөлігі ретінде Қазақстанның машина жасау өндірісі индустриясын дамыту үшін алдағы мүмкіндіктер мен қазіргі қиындықты назарға алады; бұл қызмет мұнай мен газ саласындағы әлемдік жеткізушілер ішінен компанияларға технологияларды беріп ынтымақтастық туралы келісімдерді тартуды қамтиды.
  • Қазақстандық өнеркәсіп деректерінің базасы; мұнай және газ секторында және мұнай және газ секторындағы емес ағымдағы және әлеуетті мүмкіндіктерді айқындайтын ақпарат көзі. Жұмыс тобы осы саладағы мемлекеттік және ұлттық агенттіктердің ағымдағы жұмысын түсіну үшін ұмтылады және ең үздік салалық практикаға сүйеніп осы бағытта көмек көрсетеді.
  • Стандарттарды, тендерлік процедураларды, спецификацияларды, Оң практика кодексін, денсаулық және қауіпсіздікті үйлестіру; Жұмыс тобы осы процестерді үйлестіру Оң практика кодексімен қалай байланысты екенін қарастырады.
  • Кадрлық ресурстарды кәсіби оқыту және дамыту Жұмыс тобы осы бағытта Қазақстандағы жүргізілетін жұмыстар туралы ақпаратты жинайды, процесті жалпы түсінуді келіседі және процестің дамуын жеделдету үшін бірыңғай стратегияны айқындайды.
  • Ғылым және зерттеулер; Жұмыс тобы Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ секторындағы ағымдағы Ғылыми зерттеулер бағдарламаларымен өзара байланысты жасап шығарады, сондай-ақ осы бағытта дамыту үшін қосымша мүмкіндікті анықтайды.
  • Кәсіпкерлікті дамыту және ішкі инвестициялық бағдарлама, Жұмыс тобы сектордағы практиканың үздік үлгілерін бағалап жергілікті компаниялардың ілгерілеуін, өсуі мен дамуын ынталандыру үшін стратегияны қарастыру үшін Келісім шарттарды басқару және қамтамасыз ету жөніндегі комитет бастаған ағымдағы жұмыстарды пайдаланады. Жұмыс тобы мұнай және газ секторында инвестицияның келуін ынталандыруға бағытталған Қазақстанның күш салуына қалай ықпал ететінін қарастыру үшін озат тәжірибе үлгілері мен өз білімін пайдаланады.

8.   Алдын ала жұмыстар

Гэп талдау

8.1 Жұмыс тобының мүшелері құпия/жасырын ақпараттың сақталуын ескере отыра, жергілікті қамтуды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегияларды айқындау мақсатында гэп-талдауды қарастырады және нәтижесін талқылайды.

8.2 Жергілікті қамтуды дамыту саласында болашақ жұмыс жоспарын және жаңа бастамаларды жоспарлау үшін негіз ретінде қажеттіліктер мен мүмкіндіктер (Сұраныс/Ұсыныс) туралы толық және айқын түсінікті дайындау Жұмыс тобының мүшелері үшін қызметтің басым әрі бастапқы түрі болып табылады.

8.3 Жоспарланған күрделі салымдар мен операциялық шығындар көлемі мен мерзімі мұнай-газ операторларының коммерциялық құпиясы екенін ескерсек, ресурстардың түйінді санаттары бойынша (адами ресурстар, жабдықтар мен материалдар) бөлуді қоса алғанда, жоспарланған шығындарға сәйкес жобаларды топтастыру мақсатында сұраныс пен ұсынысты модельдеу үшін құралды жасау болжамдалады.

2017 Copyright © Aktau Declaration of Joint Actions