Ақтаулық біріккен іс-қимылдар декларациясы - Қолдауды білдіру

Мына тараптар:

  1. Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. («ҚПО»)
  2. «ҚазМұнайГаз» («ҚМГ») ҰК АҚ
  3. Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В. («НКОК»)
  4. Теңізшевройл («ТШО») ЖШС

2012 ж. маусымда Лондон қ. МНК және операторлар отырысының («лондон процесі») және келесі кеңестердің жалғасы ретінде осы міндетті күші жоқ «Қолдау білдіру» мынадай ұстанымды қолдайды:

  1. ҚҚД тұжырымдамалық жобасы операторлардың, инвесторлар мен мемлекеттік мекемелердің жергілікті қамтуын дамыту бойынша жеке бағдарламаларды жақсы үйлестіру және келісушілігі үшін, сондай-ақ сезімтал емес және құпия емес ақпарат алмасу мүмкіндігін беру және қол жететін тұрақты нәижелер мен іске асыру мерзімімен жаңа бастамаларды дамыту үшін тетіктер жасап шығару мақсатында құрылды. Бұл ретте жеке операторлар мен инвесторлардың жергілікті қамтуды дамыту бойынша дербес стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу құқығын танып қазақстандық қамтуды дамытудың жекелеген бағдарламалары шеңберінде жұмыс жалғасатын болады.
  2. Салалық жұмыс топ құрылады, құрамына осы саланың тұжырымдамалық жобаның дайындығы мен РКС-тың іске асырылуын мақсат тұтқан мүдделі тараптардың өкілдері кіреді. Оның атқаратын міндеті синергетикалық әсерді айқындау, ҚҚД бойынша ағымдағы бағдарламалар нәтижесін одан әрі дамыту және жергілікті жеткізу тізбегі әлеуетінің тұрақты өсуіне ықпал ететін жаңа міндеттерді алға қою кіреді.
  3. Салалық жұмыс тобы өздерінің алған қойған мақсаттарының ҚҚД тұжырымдамалық жобамен сәйкестігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, жұмсалатын күштің қайталанып кетпеуі  мақсатында, ҚР мұнай және газ, индустрия мен жаңа технологиялар, экономикалық даму, еңбек министрліктерімен және салалық ұйымдар (ҚазЭнерджи, АКСИИ)  қатар қадағалаушы  органдармен өзінің барлық жұмсалатын күшін біріге үйлестіретін болады.  
  4. Салалық жұмыс тобы ҚҚД Тұжырымдамалық жобасын іске асыруға қойылатын бастапқы талаптарды әзірлейді. Бұл ретте ол саланың «алдыңғы қатарлы тәжірибесіне» сәйкес үлгісін басшылыққа алады.
  5. Бастапқы талаптар тізіміне мыналар енеді:
    1. Жауаптылық саласы және ҚҚД тұжырымдамалық жобасын іске асыру тетігі, оның ішінде қатысушылардың функциясы мен міндеттері;
    2. инвесторлар мен өзге де құзырлы ұйымдардың қатысуы;
    3. толық жоспар мен іске асыру графигі;
    4. қысқа мерзімді шараларды қабылдау үшін басымдықтар мен мекен-жай (жұмыс көлеміне қарай) бастамасын айқындау мақсатында ҚҚД тұжырымдамалық жобасы бойынша кеңесу құжаты аясында ҚҚД өзекті аспектілерін шолу;
    5. ресурстар бөлінуінің мақсатты жоспары;
    6. болашақ толық зерттеулер мен жұмыстық бағдарламалар туралы ереже.
  6. Сәйкес қауымдастықтармен  бірге Салалық жұмыс тобы қарастыруы тиіс бастапқы іс- қимылдардың басым мәселелеріне мыналар жатады:
    1. тұжырымдамалық жоба шеңберінде барлық бастамалар жергілікті қамтудың өміршеңдігін терең түсінуге негізделетіндей операторлармен келісілетін ұсыныстар мен сұраныстардың кешенді жобалық жүйесін дайындау;
    2. жергілікті қамтуды дамыту бойынша елеулі бастамалар сипатталатын және операторлар түрлі келісім-шарттық базалар шеңберінде (СРП, СП) жұмыс істейтінінің нәтижесі болып табылатын шектеулерді нақтылау;
    3. түрлі операторлар әртүрлі ұжымдық практикаға сүйенетінін ескере отыра, тендерлік процедураларды және біліктілік алды іріктеу процедурасын ықтимал бірегейлендіру мәселесінде консенсусқа қол жеткізу;
    4. ынтымақтастық және қолдау үшін мүмкіндіктер мен синергетикалық әсерлерді құру мақсатында жергілікті қамтуды дамыту бойынша қазіргі бар және болашақ барлық бағдаламаларды шолу .
  7. Салалық жұмыстық топтың мүшелері үйлестіру аппараты ретінде шығатын бейтарап ұйымды айқындайды және келіседі.
  8. Қазақстандық қамтуды дамыту (ҚҚД) бойынша тұжырымдамалық жоба және Бастапқы талаптар, осы құжатта көрсетілген барлық іс-қимылдар сияқты жер қойнауын пайдалануға арналған операторлардың сәйкес келісім-шарттарына, осы компанияларда белгіленген басқару процедуралары мен жүйелеріне және қандай да бір трестіге қарсы/монопольге қарсы немесе өзге заңнамамен және/немесе кез келген басқа заңдармен қарама қайшы келмеуге тиіс.

Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.                     «ҚазМұнайГаз» («ҚМГ») ҰК АҚ

Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В                  Теңізшевройл («ТШО») ЖШС

атынан және тапсырмасымен.

2012 ж. 25 қыркүйек

2017 Copyright © Aktau Declaration of Joint Actions